Жүргізушілердің мобильді қосымшасындағы бұл функциялар құлағы естімейтін жүргізушілер үшін арнайы әзірленген. Оларды белсендіру үшін Яндекс Про қолдау қызметіне жазыңыз
Жаңа тапсырыс түскен кезде, экран жыпылықтап, телефон дірілдейді
Қолдау қызметі мен жолаушы жүргізушіде есту ерекшеліктері бар екені туралы білетін болады және қоңырау шалмайды
Қолдау қызметі мен жолаушы сізбен тек чатта жазысу арқылы сөйлеседі
Серіктес парктерден «Құлағы естімейтін немесе нашар еститін жүргізуші» деген жазуы бассүйерлер мен жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге мүмкіндік беретін арнайы карточкаларды алуға болады
Иә, мұндай тапсырыстар құлағы естімейтін және нашар еститін жүргізушілер үшін қолжетімді.
Бастау үшін:
Жүргізуші туралы ақпарат сапар басталғанға дейін мобильді қосымшада көрсетіледі, ал «Қоңырау шалу» батырмасы қолжетімсіз болады — тек «Жүргізушімен чат» батырмасы болады
Жүргізушінің мобильді қосымшасындағы құлағы естімейтін жүргізушілер үшін әзірленген арнайы мүмкіндіктерді белсендіру үшін Яндекс Про қолдау қызметіне жазыңыз.
Содан кейін мобильді қосымша баптаулары жаңартылады:
Қолдау қызметі тәулік бойынша жұмыс істейді. Кез келген уақытта мобильді қосымша арқылы хабарласа аласыз. Егер Яндекс Про мобильді қосымшаңызда арнайы мүмкіндіктер қосылған болса, қолдау қызметі сізге қоңырау шалмайды — маман мобильді қосымшадағы чатқа жазады.
Қызметтестіктің әрбір тәсілінде өзінің артықшылықтары бар. Мысалы, таксопаркке жұмысқа тұрсаңыз, тапсырыстарды орындау үшін оның машинасын пайдалана аласыз, сізде жоқ жабдықты, мысалы, балалар креслосын немесе смартфонды жалға ала аласыз. Тек сервис тапсырысын ғана емес, таксопарктің де тапсырысын орындау болады. Егер паркте қолдау қызметі бар болса, оны пайдалануға болады.
Жеке кәсіпкер жүргізушілер үшін қарастырылған салық режимінің арқасында Яндекс Про-ның тікелей серіктесі бола аласыз, азырақ салық төлейсіз және табыстар туралы анықтамаларды онлайн ала аласыз, қызметтестік үшін таксопарк қажет емес. Жеке кәсіпкерлерде қандай артықшылықтар бар екенін Білім базасынан оқыңыз.
Көптеген қалаларда сервистің серіктес таксопарктері бар. Серіктестік қызметтестік ережелеріне толық сәйкес келетін парктер арнайы сертификат алады. Қалаңыздағы мұндай парктерді сертификатталған серіктестер тізімінен табуға болады.
Мобильді қосымша айтарлықтай қарапайым, біз оны барлығы үшін ыңғайлы әрі түсінікті етуге тырысамыз. Жаңа тапсырыс түскен кезде, Яндекс Про экраны жыпылықтайды, ал смартфон дірілдейді. Жолаушылар сізге өзінің мобильді қосымшасы арқылы қоңырау соға алмайды — олар тек чатта жаза алады. Чатты автокөлікті тоқтатқан кезде қараңыз.
Жолаушылар тапсырысқа есту ерекшеліктері бар жүргізуші келеді деген хабарлама алады. Егер сұрақтарыңыз болса, жауаптарды driver.yandex сайтынан іздеп көрсеңіз болады немесе қолдау қызметіне жазыңыз — біз көмектесуге тырысамыз. Яндекс Про мобильді қосымшасы туралы толығырақ сілтеме арқылы оқуға болады.
Смартфонға Яндекс Про мобильді қосымшасын (Android-қа, iOS-қа арналған) жүктеп алыңыз. Бұл мобильді қосымшаның көмегімен сіз сапарларды орындайсыз және сервис жаңалықтарын біліп отырасыз.
Егер таксопаркпен қызметтес болсаңыз, тіркелуден кейін сізге сервиспен серіктес таксопарк хабарласады. Құжаттарды ресімдеуді аяқтасаңыз болды, тапсырыстарға кірісе берсеңіз болады.
Тапсырыстарды жеке кәсіпкер жүргізуші ретінде орындағыңыз келсе, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, қызмет түрінде ЭҚЖЖ — 49320 (такси) кодын көрсету керек және e-Salyq Business арнайы мобильді қосымшасы пайдаланылатын арнайы салық режимін пайдалану керек.
Құрылғыға қатысты минималды талаптар.
Android:
iOS:
Жүргізушінің ақырғы табысы аймаққа және орындалған тапсырыстар санына байланысты. Аптасына тек бірнеше сағат желіге шығуға да, тапсырыстарды күнделікті орындауға да болады.
Толығырақ Яндекс Про-ның Білім базасындағы «Табыс неге тәуелді» бөлімінен оқыңыз.
Тапсырысты қашан орындау керектігін өзіңіз шешесіз. Тапсырыстарды тек қауырт кезде алуға немесе күні бойы желіде болуға болады. Сондай-ақ сапарларды әртүрлі тарифтерде орындауға болады — ең көп тапсырыстар «Экономда» болады, ал орташа чек «Комфорт», «Комфорт+» және Ultima тарифтерінде жоғары. Оларға қолжетімділікті алу үшін тестілеуден өту керек.
Егер сізде жеке автокөлігіңіз болмаса, оны жалға алып, тапсырыстарды орындауға болады. Автокөлікті сертификатталған серіктестерден табуға болады.
Тапсырыстарды қандай тарифте орындағыңыз келетініне байланысты. Біз машинаның моделін, шығарылған жылы мен оның орташа нарықтық құнын ескереміз. Сапарлар үшін кем дегенде 4 есігі бар автокөліктер ғана жарайды. Өзіңізге лайықтысын таңдау үшін жарамды модельдер тізімін қарап шығыңыз.
Яндекс Про-да карта арқылы және қолма-қол ақшамен төленетін тапсырыстар келуі мүмкін. Шоттағы қаражат теңгерімін Яндекс Про мобильді қосымшасындағы «Теңгерім» бөлімінен бақылай аласыз. Күнді таңдасаңыз, сол күні орындалған барлық тапсырыстар тізімін көресіз. Бағдар мен құнды біліп алу үшін жекелеген сапарға басыңыз.
Жолаушы ақпаратты мобильді қосымшада көрмей қалған жағдайда «Құлағы естімейтін немесе нашар еститін жүргізуші» деген жазуы бар бассүйер оған есту ерекшеліктері бар жүргізуші келетіні туралы хабарлайды.
Жолаушыға арналған карточкалар — жолаушыға өтінішін жеткізуге көмектесетін арнайы нұсқаулар.
Егер таксопаркпен қызметтес болсаңыз, менеджеріңізге хабарласыңыз — ол бассүйерлер мен карточкаларды береді.
Егер өзін-өзі жұмыспен қамтушы болсаңыз — Яндекстің серіктес паркіне (паркохабке) хабарласыңыз, бассүйерлер мен карточкалар сол жерде беріледі.
Яндекс Go және басқа ақпараттық сервистердегі пайдаланушылардың тапсырыстарын өңдеуге арналған тегін мобильді қосымша.
Қазақша ым-ишара тілінің аудармашысын өзі таңдай алады.